Қазақстанда 17000 адамның сәлафит екендігі мәлім болды
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі осы елде 17000 адамның сәлафит екенін мәлімдеді.
Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі сәрсенбі күні сәлафиттік қозғалыс ізбасарларының Ханафи мазхабының наным-сеніміне қарсы және Қазақстанның мәдениетіне жат, әрі қауіпті болып саналатынын айтты. Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, сондай- ақ осы министрліктің қадағалауымен дәстүрлі емес діни қозғалыстармен күресу үшін арнайы барлау тобының құрылғанын хабарлады.
Өткен жылы 5-ші маусымда Ақтөбе қаласында бір топ сәлафит осы аймақтағы қару сататын екі дүкен мен бір әскери бөлімшеге шабуыл жасады. Соның салдарынан 8 адам, соның ішінде 3 әскери қаза болып, 38 кісі жараланды. Оқиға барысында Қазақстанның қауіпсіздік күштері 13 лаңкесті өлтіріп, 9 адамды құрықтады. Сондай-ақ Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдің қауіпсіздік кеңесінің отырысында әсірешіл топтарды Ақтөбе қаласына жасалған шабуылдардың себепкері деп атады.