Ресей Қазақстанға Ақтөбе облысындағы Ембі полигонын қайтарады
Ресей 22 жылдан кейін Ақтөбе облысындағы Ембі полигонын Қазақстанға қайтарады.
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров аталмыш базаның Қазақстанға қайтарылатынын растап, 300 мың гектар полигонның жалға беру туралы келісім мерзімінің 2017-ші жылдың қаңтар айының бірі күні аяқталғанын мәлімдеді. Астана үкіметі бұл әскери базаны қайтып алған соң жерлерін ауылшарушылығы кәсіпкерлеріне тапсырып, ауылшаруашылығы өнеркәсібін дамытып, осы сала арқылы Қазақстанның экономикалық дамуына көмектеседі.
Қазақстан Қорғаныс министрінің орынбасарының айтуынша, бұл жерлерді ауылшаруашылық бөлімінің кәсіпкерлері мен кен барлау және өнім шығару саласында жұмыс істейтін компаниялар өз мүдделеріне пайдалана алады. Ембі әскери базасы 1960 жылы құрылған. Ресей бұл базаны әуеге қарсы зымырандық жүйелерді сынақтан өткізу үшін қолданып, бүгін базаның жерлерін пайдалану барысын өзгерту туралы баяндады. Ресей Қазақстанның Ембі полигонын Қазақстанға Мәскеу мен Вашингтон Орталық Азиядағы әскери құзырын кеңейту саласындағы бәсекелестігі жалғасып, саяси топтарды қызықтырып отырған жағдайда қайтарып отыр. АҚШ әскерилері Қырғыз республикасының Манас базасынан шығарылған кезде бұл әскерилердің Қазақстанның әскери базаларының біріне ауысатындықтары, нақтырақ айтқанда Манастың орнына Алматы әскери базасының қалатыны туралы айтылған болатын.
АҚШ әскерилерінің Манастан шығуы Ресейдің стратегиялық жеңісі саналғанымен, АҚШ әскерилерінің аймақтың басқа елінде орналасатындығы туралы жоба Мәскеу үшін дағдарыс тудырды. Осы күні Ақтөбедегі полигонның қайтарылуы аймақта шетелдік әскерилердің орналасуы АҚШ-тың мүддесіне қарай алға ілгерілеу емес пе деген сауалды тудырады.
Кейбір сарапшылар Мәскеудің Ақтөбе базасын пайдалану уақыты аяқталғанымен, Ресей әскерилерінің әуеге қарсы зымырандық жүйелерін сынақтан өткізуді тоқтата алмайтыны туралы айтуда. Ресей әскерилерінің Қазақстаннан Арменияға ауыстырылуы Мәскеудің Орталық Азия жағынан аса үлкен қауіп-қатерді сезбейтіндігінің белгісі. Астананың Мәскеуді Ресейдің саяси, қауіпсіздік және әскери тұрғылар бойынша қолдайтыны туралы сендіруі Ақтөбе базасын қайтару шешімі себептерінің бірі болды.