Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Иран өнеріне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті
Қаз ҰУ-де «Иран өнерінің даму жолдарының көркем фильмдерде көрініс табуы» атты ғылыми-әдістемелік семинар өтті.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің ирантану бөлімі мен Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Мәдени орталығы ақпан айының 16-23 күндері Шахид Бехешти университетінен арнайы шақырылған доктор Амир Ченаридің «Иран өнерінің даму жолдарының көркем фильмдерде көрініс табуы» атты ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді. Семинарға әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұстаздары және студенттерімен бірге Алматы қаласындағы басқа да жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ Иран өнеріне қызығушылық танытқан басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.