Қазақстанның Конституциясына өзгеріс референдум өткізусіз енгізіледі
Қазақстан Президенті осы елдің Конституциясына өзгерісті референдум өткізусіз енгізуге бұйрық берді.
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы елдегі Президент, Парламент пен үкімет арасында билік бөлінісінің маңыздылығына тоқталып, елдің Конституциясына өзгерістің референдумсыз енгізілетінін мәлімдеп: «Қазақстанның Конституциясы үкіметке қажетті өзгерістер мен реформаларды референдум өткізусіз жүзеге асыруға рұқсат береді»,-деді.
Назарбаевтың айтуы бойынша, Қазақстан Конституциясының кейбір баптарындағы 23 пунктке өзгеріс енгізіледі.
25 жыл бойы Қазақстан республикасының Президенті болып келе жатқан Назарбаев шамамен 2 ай бұрын осы елдің Тәуелсіздігіне 25 жыл толуына орай өткізілген рәсімде Президент, Парламент пен үкімет арасында биліктің қайта бөлінуін қалайтынын айтқан болатын.