Қазақстан Парламенті Конститутцияға өзгерту енгізу туралы заң бекітті
Қазақстан Республикасының Парламенті Конститутцияға бірқатар өзгерту енгізу туралы шешімді алғашқы кеңесте бекітті. Осы өзгертулерге сәйкес, мемлекет президентінің өкілеттігі азайып, керісінше Парламенттің өкілеттігі артады.
Reuters ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауына ие бұл өзгертулер екінші кеңесте бекітілген соң, президент бұл өзгерістерге қол қойып, олар заңдық күшіне енеді.
ҚР президентінің шешіміне сәйкес, бұл өзгерістер референдум арқылы дауысқа салынбайды.
ҚР-ның Ата заңына өзгертулер енгізу мәселесі 2016 жылдың мамыр айында осы елдің заң шығарушыларына ұсынылған болатын.
Осы өзгертулерге сәйкес, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа өзі қалаған уақытқа дейін президенттікке үміткер болу құқығына ие ерекше жағдай туындап отыр. Өзгертулер енгізілген бір тармақта әр адамның тек екі рет қана ҚР президенті болып сайлана алатындығы көрсетілген.
Сонымен қатар, бұл өзгерістерде президенттік кезеңнің 7 жылдан 5 жылға азаюы мен Парламенттің өкілеттілігінің артуы қамтылған.
1988 жылдан бері билік тізгінін қолына алған ҚР президентін сынаушылардың пікірінше, ол өзінің ықтималды мұрагерлері арасындағы қызу таласты азайтуға талпыныс жасап жатыр.