Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы автобустар іске қосылды
ҚҚазақстанның сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығы жемқорлықпен күресу және халықты өз құқықтарымен таныстыру мақсатында осы республикада сыбайлас жемқорлыққа қарсы автобустарды іске қосты.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан республикасының сыбайлас жемқорлықпен күрес орталығының баспасөз бюросы республика деңгейінде арнайы және белгіленген автобустармен жүретін сыбайлас жемқорлыққа қарсы топтардың құрылғанын хабарлады.
Осындай топ құрудағы мақсат күнделікті тіршілікте үйреншікті болған сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы алғашқы топ сынақ түрінде шамамен саны 500 адамды құрайтын Астанадағы мемлекеттік төрт ұйымның қызметкерлерімен кездеседі.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасар Алик Шпекбаевтың айтуынша, 1800-ден астам мемлекеттік қызметкер пара алу себебімен заңмен қудаланып, 1200 қызметкер ауыр көлемдегі сыбайлас жемқорлық үшін мемлекеттік қызметтен біржолата шеттетілген.
Шпекбаев сол қызметкерлердің жемқорлығының Қазақстан бюджетіне 200 миллион доллардан астам шығын келтіргенін, аталмыш сомадан 93 миллион доллардың қайтарылғанын мәлімдеді.