Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бекітілді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i25078-Қазақстанда_Конституцияға_өзгерістер_енгізу_туралы_заң_жобасы_бекітілді
ҚР президентінің Ақпарат қызметі президенттің Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойғанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 11, 2017 14:55 Asia/Almaty
  • Қазақстанда Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасы бекітілді

ҚР президентінің Ақпарат қызметі президенттің Конституцияға өзгерістер енгізу туралы заң жобасына қол қойғанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің Душанбедегі өкілдігінің хабарлауы бойынша, ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні біраз уақыт бұрын елдің Парламенті қабылдаған Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заң жобасына қол қойған.

Бекітілген өзгерістерге сәйкес, бұдан былай Қазақстанда Парламенттің билігі артып, заңшығарушы органның мемлекеттің министрліктер қызметін бақылауы күшейе түседі.

Сондай-ақ, осы заң жобасы негізінде, мемлекеттік жоспарларды бекіту өкілеттігі енді президенттен Үкіметтің мойнына жүктеледі.

Осы заң жобасына  сәйкес, ортақ қаржы жүйесін бекіту, барлық мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жалақысын төлеу мәселесі министрлердің мойнына жүктелетін болады. Бірақ Үкімет өзінің бекітулері мен шешімдерін бұрынғыдай президентпен келісіп шешуі тиіс.

Сонымен қатар, президенттің бұл жаңа реформалары жеке бас бостандықтары, азаматтық құқықтар мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ете алады.

Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ҚР Парламенті мемлекеттің заң шығарушы билігіне ие Жоғарғы заң шығарушы орган саналады.

Ата заңға өзгерістер енгізу Заң жобасында Үкімет өзінің жасаған әрекеттері мен шаралары үшін президент пен Парламент алдында жауап береді. Қажет жағдайда, Парламентке отставкаға шығуға өтініш береді.