Мирзиёев наурызда Қазақстанға барады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Өзбекстан президентінің 22- ші наурызда осы елге сапар шегетінін хабарлады.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов бүгін таңертең осы елдің үкімет делегациясының отырысында: "Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев наурыздың 22-23 күндері Астанаға сапар шегеді. Осы сапар Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми шақыруымен жүзеге асады. Екі елдің байланысы 2016 жылдың аяқ шені мен 2017 жылдың бас кезінде едәуір жақсарды. Сондықтан қарастыруды қажет ететін мәселелердің болуы табиғи жағдай. Мирзиёев тің Астанаға сапарынан кейін Орталық Азияның өзге елбасылары да Қазақстанға сапар шегеді. Осы сапарлар аймақ елдерінің аймақтан тыс мәселелер алдындағы бірлігін көрсетеді. Қазақстанның аймақ елдерімен еш мәселесі жоқ. Барлық байланыстар достық негізде қалыптасқан. Тараптар алдағы кездесулерде стратегиялық ынтымақтастықтарға қатысты мәселелерді қарастырады" деді.