Қазақстан Гюленге қатысты ұйымдардың жұмыстарына араласуға тыйым салады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i25206-Қазақстан_Гюленге_қатысты_ұйымдардың_жұмыстарына_араласуға_тыйым_салады
Қазақстан Сыртқы істер министрі елдегі қазақ-түрік лицейлері туралы: «Астана елдегі Гюленге қатысты ұйымдардың жұмыстарына араласуға тыйым салады»,- деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 14, 2017 17:17 Asia/Almaty
  • Қазақстан Гюленге қатысты ұйымдардың жұмыстарына араласуға тыйым салады

Қазақстан Сыртқы істер министрі елдегі қазақ-түрік лицейлері туралы: «Астана елдегі Гюленге қатысты ұйымдардың жұмыстарына араласуға тыйым салады»,- деді.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов журналистердің алдында сөйлеген сөзінде елдегі қазақ-түрік лицейлерінің жағдайы туралы: «Астана елдегі Гюленге қатысты ұйымдардың жұмыстарына араласуға тыйым салады»,- деді. Ол қазақ-түрік лицейлерінің «Білім-инновация лицейі» деп атауын өзгерткендігіне тоқталып: «Бұл оқу орындары Қазақстан Білім министрлігінің бағдарламалары бойынша және Қазақстанға қарасты басшылардың бақылауында  жұмыс істейді»,- деді.

Қазақстандағы Түркия елшісі Невзат Уянық наурыз айының 2 күні «Гюленге қарасты қазақ-түрік лицейлері Түркияның Білім министрлігіне тапсырылады деген болатын.

Қазақстанның Білім министрлігі қазақ-түрік лицейлерінің Түркия үкіметіне тапсырылатынын теріске шығарып: «Мұндай іс мүмкін емес. Бұл оқу орындары «Білім-инновация лицейлері» деп атауын өзгертті әрі Қазақстанның Білім министрлігінің стандарттарына сай жұмыс істейді»,- деп мәлімдеді.