Қазақстан Гюленге қатысты ұйымдардың жұмыстарына араласуға тыйым салады
Қазақстан Сыртқы істер министрі елдегі қазақ-түрік лицейлері туралы: «Астана елдегі Гюленге қатысты ұйымдардың жұмыстарына араласуға тыйым салады»,- деді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов журналистердің алдында сөйлеген сөзінде елдегі қазақ-түрік лицейлерінің жағдайы туралы: «Астана елдегі Гюленге қатысты ұйымдардың жұмыстарына араласуға тыйым салады»,- деді. Ол қазақ-түрік лицейлерінің «Білім-инновация лицейі» деп атауын өзгерткендігіне тоқталып: «Бұл оқу орындары Қазақстан Білім министрлігінің бағдарламалары бойынша және Қазақстанға қарасты басшылардың бақылауында жұмыс істейді»,- деді.
Қазақстандағы Түркия елшісі Невзат Уянық наурыз айының 2 күні «Гюленге қарасты қазақ-түрік лицейлері Түркияның Білім министрлігіне тапсырылады деген болатын.
Қазақстанның Білім министрлігі қазақ-түрік лицейлерінің Түркия үкіметіне тапсырылатынын теріске шығарып: «Мұндай іс мүмкін емес. Бұл оқу орындары «Білім-инновация лицейлері» деп атауын өзгертті әрі Қазақстанның Білім министрлігінің стандарттарына сай жұмыс істейді»,- деп мәлімдеді.