ҚазҰУ-де парсы тілін оқыту әдістемесіне арналған ғылыми-әдістемелік семинар өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінде наурыз айының 2 және 9 күндері ирантану бөлімі мен Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Мәдени өкілдігі бірігіп, Шахид Бехешти университетінен арнайы шақыртумен келген доктор Амир Ченаридің «Иран көркем фильмдері арқылы ауызекі парсы тілін үйрену» атты ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді.
Бұл семинар жұмысына әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ұстаздары мен студенттері, сондай-ақ Алматы қаласындағы басқа да жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ парсы тілін меңгерген әртүрлі салалардың өкілдері қатысты. Семинардың соңғы күні қатысушыларға Иран Ислам Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығының Мәдени өкілдігінің басшысы Сейед Джалали мырза сертификат тапсырып, белсенді қатысушыларға Тұрмағанбет Ізтілеуұлының "Шахнама" шығармасын сыйға тартты.