Сириядағы атысты тоқтату бітімін нығайту үшін келісімге қол жеткізілді
ҚР Сыртқы істер министрі Астана келіссөздері тараптарының Сириядағы атысты тоқтату бітімін нығайтып, құрықталған және тұтқынға алынғандармен алмасу үшін келісімге қол жеткізілгенін хабарлады.
«Россия сегодня» телеарнасының хабарлауы бойынша, «Астана-3» келіссөздерінің ұйымдастырылуына жауапты ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов сәрсенбі күні отырыстың соңында Сирия дағдарысы жөнінде: "Женева келіссөздерінің ажырамас бөлігі саналатын бұл келіссөздер Сириядағы дағдарыстың аяқталуына деген үмітті қайта жандандырды.
Астана келіссөздері барысында атысты тоқтату бітімін нығайту, құрықталған және тұтқындалған азаматтармен алмасу, сондай-ақ атысты тоқтау бітімі үдерісін бақылауға алатын арнайы комитет құру туралы келісім жасалды",- деп мәлімдеді.
Әбдірахманов атысты тоқтату бітімін қолдаушы ирандық делегацияның Сирия мәселесіне қатысты ұстанымдарын мақтан тұтарлық деп бағалады.
Осы мәліметке сәйкес, Иран мен Ресей және Түркия елдері Женева келіссөздерін қадағалауға байланысты талпыныстарын қуаттады.
Қазақстан Сыртқы істер министрінің мәлімдеуінше, «Астана-4» келіссөздерін мамыр айында, келесі отырысты техникалық сарапшылардың қатысуымен Теһранда сәуір айында өткізу туралы келісілді.