Қазақстанның бірқатар облысының әкімдері ауысты
Қазақстан республикасының Елбасы Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының әкімдерін ауыстырды.
"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан республикасының Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен бірнеше облыс әкімдері қызметінен босатылып, орындарына басқа адамдар тағайындалды.
Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қызметінен ауысып, Есеп комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Осыған дейін президент әкімшілігін басқарған Ерлан Қошанов Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалды.
Ерік Сұлтанов Солтүстік Қазақстан облысы әкімі қызметінен ауысып, оның орнына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары Ақсақалов Құмар тағайындалды.
Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин қызметінен босатылып, осы облыстың әкімі болып Мәлік Мырзалин тағайындалды.
Алик Айдарбаев Маңғыстау облысының әкімі қызметінен босатылып, орнына Ералы Тоғжанов қызметке тағайындалды.
Мамандар Қазақстан облыс әкімдерінің ауысуын осы елдегі жаңа бағдарламаларға қатысы бар деп санайды.