Иран мен Қазақстан екіжақты қарым-қатынастарын дамыта түсу қажеттігін қуаттады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i25326-Иран_мен_Қазақстан_екіжақты_қарым_қатынастарын_дамыта_түсу_қажеттігін_қуаттады
Иран мен Қазақстанның СІМ басшылары екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанының 25 жылдығына орай кеше Астанада өткен ақпарат отырысында екіжақты қатынастарды дамытып, кеңейте түсу қажеттігін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 18, 2017 15:31 Asia/Almaty
  • Иран мен Қазақстан екіжақты қарым-қатынастарын дамыта түсу қажеттігін қуаттады

Иран мен Қазақстанның СІМ басшылары екі ел арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғанының 25 жылдығына орай кеше Астанада өткен ақпарат отырысында екіжақты қатынастарды дамытып, кеңейте түсу қажеттігін қуаттады.

ИРНА-ның жұма күнгі хабарлауы бойынша, бұл отырысқа Иран Сыртқы істер министрінің Азия мен Тынық мұхиты елдері бойынша орынбасары Ибрахим Рахимпур, ҚР Сыртқы істер министрінің Азия мен Африка істері бойынша орынбасары Ақылбек Камалдинов және екі елдің елшілері, университеттері мен зерттеу институттарының профессорлары қатысқан.

Камалдинов ИИР-дың ҚР-ның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы мемлекет екендігіне сілтеме жасап: "Аймақтағы маңызды мемлекет Иранмен қарым-қатынас жасау және екі ел арасындағы ортақ тарих пен мәдениеттің болуы соңғы 25 жыл ішінде екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыта түсті",- деді.

ИИР Сыртқы істер министрінің Азия және Тынық мұхиты істері бойынша орынбасары осы отырыс кезінде: "Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастар мәдениет пен тіл, әдебиет, салт-дәстүрлердегі ортақтастықтар негізіндегі көне дәуірлерден келе жатқан өзара әрекеттестіктен бастау алады",- деді.

Ибрахим Рахимпур ИИР мен ҚР арасында 25 жылдың ішінде 100-ден астам мемлекеттік құжатқа қол қойылу мен ел басшыларының 14 рет ресми сапар жасауын екі мемлекет басшыларының екіжақты, аймақтық және халықаралық деңгейдегі достық қарым-қатынастардың дамуын қалайтындықтарының белгісі деп атады.