Қазақстанда діни экстремистермен күрес күшейтілуде
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i25346-Қазақстанда_діни_экстремистермен_күрес_күшейтілуде
Қазақстан осы елдің әртүрлі қалаларында экстремистік және радикалды идеялардың таралуының алдын алу мақсатында әйелдерге арналған семинар өткізді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Нау 18, 2017 21:53 Asia/Almaty
  • Қазақстанда діни экстремистермен күрес күшейтілуде

Қазақстан осы елдің әртүрлі қалаларында экстремистік және радикалды идеялардың таралуының алдын алу мақсатында әйелдерге арналған семинар өткізді.

«Фарс» агенттігінің хабарлауы бойынша, кеше кешке Павлодар қаласында діни экстремизммен күрес мақсатында әйелдерге арналған семинар осы елдің дін мамандары және аталмыш қаланың дінаралық байланыстарды сараптау орталығының басшысы Гүлназ Раздықованың қатысуымен өтті.  

Ол семинарда әртүрлі бүлдіргі секталардың өздеріне тартатын тәсілдері мен иман иелерінің арасына ықпал ету формалары және осы елдің халқына исламдық радикалды топтар қалыптастырған діни мәселелер мен қиындықтар туралы баяндап: «Қазақтың ұстаздары мен діндарлары біраз уақыттан бері осы елдің әртүрлі мешіттерінде экстремистік және радикалды топтармен белсенді түрде күресіп, халықты сол топтардың қатерінен хабардар етумен айналысуда» деді.    

Дін маманы семинарда дәстүрлі діндердің барлығына төнген қатер мен Қазақстан халқының мәдениеті мен сүннеттерін жандандырудың маңызы сынды мәселелерді талқылап, қатысушылардың осы ел мен Орталық Азиядағы экстремистік топтар туралы сауалдарына жауап берді.