Қазақстан Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуын қолдайды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі өз елінің Иранның Шанхай ынтымақтастық ұйымына ресми түрде мүше болуын қолдайтынын қуаттады.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбідрахманов сенбі күні Иран Сыртқы істер министрінің Азия және Океания істері жөніндегі орынбасары Ибрахим Рахимпурмен кездесіп, екі ел басшыларының соңғы кездесулері барысында құны 2 млрд долларды құрайтын экономикалық келісімдерге қол қойылғанына тоқталып, келісімшарттар көлемінің маңызды екенін айтып, мұны Қазақстан мен Иранның өзара экономикалық байланыс деңгейін жоғарылатуға бағытталған ерік-жігерінің нышаны деп атады.
Ибрахим Рахимпур да осы кездесуде Иран мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынасқа 25 жыл болғанына тоқталып, х.ш.ж.с.б. 1395 жылда екі елдің экономика саласындағы қарым-қатынастарының артқанына ризалық білдіріп, транзит, рельстік тасымал, қуат тасылмалдау, егін шаруашылығы мен сауда айналымдары саласындағы келісімдердің орындалуы қажеттігін қуаттады.
Иран Сыртқы істер министрінің орынбасары 2017 жылы Қазақстанда басшылар деңгейінде бірнеше аймақтық келіссөздердің өткізілетіндігіне тоқталып: «Иран осы отырыстарға қатысуға талпыныс жасайды»,-деді.
Сонымен қатар, Ибрахим Рахимпур мен Қазақстан Сыртқы істер министрінің Азия және Африка істері жөніндегі орынбасары Ақылбек Камалдинов екі елдің қарым-қатынас үдерісін оң деп бағалап, оның деңгейін арттырып, қол жеткізілген келісімдерді орындауды жылдамдату үшін қолда бар әлеуеттерді көбірек пайдалану қажеттігіне мүдделік танытты.