Қазақстан ДАИШ-ке қосылған адамдарды азаматтығынан айырады
Сәу 12, 2017 15:01 Asia/Almaty
Қазақстан Президенті ДАИШ-ке қосылған адамдардың Қазақстан азаматтығынан айырылатыны туралы мәлімдеді.
Синьхуа ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сейсенбі күні: «Ел азаматтығынан айыру адамдардың ДАИШ лаңкестеріне қосылмауына сенімді болу үшін қажет. Үкімет ДАИШ-тен бөлініп, Қазақстанға қайтып оралған адамдарға алдын алу шараларын іске асырғанымен, нәтижеге жетпеді. Сондықтан ДАИШ-ке қосылған адамдар үшін қайтып оралу жолын жабуға шешім қабылдады. ДАИШ лаңкестік тобына Қазақстанның 500-600 азаматы қосылған»,- деді.
Тегтер