Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын саясаттандыруға қарсылық білдірді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i26014-Қазақстан_Ұжымдық_қауіпсіздік_туралы_шарт_ұйымын_саясаттандыруға_қарсылық_білдірді
Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрылуының (ҰҚШҰ) жылдығына қатысты Астананың бұл ұйымдағы кез келген саяси әрекетке қарсы екенін қуаттады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 12, 2017 15:55 Asia/Almaty
  • Қазақстан Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын саясаттандыруға қарсылық білдірді

Қазақстан Президенті Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрылуының (ҰҚШҰ) жылдығына қатысты Астананың бұл ұйымдағы кез келген саяси әрекетке қарсы екенін қуаттады.

Қазақстан Президенті Н.Назарбаев  Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының НАТО-мен айырмашылығына тоқталып: «Бұл екі ұйымның жұмысынан ешқандай ұқсастық байқалмайды.  НАТО «қырғи-қабақ соғысы» кезінде идеологиямен күресу үшін құрылды. Оның діттегені – өзінің саяси мақсаттарына жету, ал Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы мұндай мақсатты көздемейді»,- деді.

Назарбаевтың айтуынша, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы аймақ қиындықтары мен   аймақ мемлекеттеріне  қауіп-қатер тудыратын қауіпсіздік  мәселелерін шешу үшін құрылды. Сондықтан Астана аталмыш ұйымды саясаттандыруға қарсы.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы 1992-ші жылы Ташкентте Ресей, Армения, Қазақстан, Қырғыз Республикасы және Тәжікстан мемлекеттерінің қатысуымен құрылды. Кейін 1993 жылы бұл ұйымға Әзірбайжан, Грузия және Беларусь қосылды.  Іс жүзінде бұл ұйым 1994 жылы бірінші бес жылдық кезеңінің жұмысын бастады. Бірақ, 1999 жылы тек алты мемлекет Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының жаңа протоколына қол қойып, Әзірбайжан, Грузия және Өзбекстан сынды батысшыл республикалар  ұйымнан шықты. Кейін аймақ пен ішкі бейберекеттіктердің ықпалына түсіп, Өзбекстан қайтадан кірді. Еш уақытта саяси ынтымақтастық бұл аймақтық ұйымның мақсаттарының қатарында болған емес. Мүше елдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, лаңкестік және ұйымдастырылған қылмыспен, қару-жарақ, есірткі және адам контрабандасымен күресу, экстремизм мен сепаратизмге қарсы тұрып, кейбір мүше елдерде әскери базалар орнату, мүше елдерді Ауғанстан дағдарысының қауіпсіздік және саяси қатерлерінен сақтау ұйымның маңызды мәселелері болып табылады. Идеология Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының құрылуының себебі болмағанымен, бұл ұйымның батысшыл мүшелерінің саяси ұстанымы аймақтың саяси өзгерістерімен бірге бұл ұйымның саяси болмысына да әсер етті. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын  саясаттандыруға қарсы ұстанымдарға керісінше, НАТО басында идеологиялық мақсатпен құрылғанымен, бүгінде әскери, қауіпсіздік және саяси салаларда әрекет етуде. Сондықтан Еуразиялық экономикалық одақ сынды ұйым тәуелсіз қоғам негіздері бойынша саяси, қауіпсіздік және экономика мәселелерімен айналысатын орган  құрмаса, өзінің  бұрынғы Кеңес Одағының географиясында  Батысқа қарсы тұру  мақсатында құрылған ұйымның саяси белсенділігіне оңайлықпен көзжұмбайлық танытуға болмайды.