Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері Астанада бас қосады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i26182-Шанхай_Ынтымақтастық_Ұйымының_Сыртқы_істер_министрлері_Астанада_бас_қосады
Қазақстан СІМ-нің баспасөз бюросы 21 сәуірде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтетінін хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 18, 2017 07:25 Asia/Almaty
  • Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері Астанада бас қосады

Қазақстан СІМ-нің баспасөз бюросы 21 сәуірде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтетінін хабарлады.

Осы отырыста Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Үндістан мен Пәкістан елдерінің осы ұйымға тұрақты мүшелігі мәселесін қарастырады. Отырыс Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен өтеді. Сондай-ақ ұйымға мүше елдер басшыларының отырысын 2017 жылдың  маусым айының 8-9 күндері Астанада өткізу жоспарланады.