Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының Сыртқы істер министрлері Астанада бас қосады
Сәу 18, 2017 07:25 Asia/Almaty
Қазақстан СІМ-нің баспасөз бюросы 21 сәуірде Астанада Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің отырысы өтетінін хабарлады.
Осы отырыста Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің кеңесі Үндістан мен Пәкістан елдерінің осы ұйымға тұрақты мүшелігі мәселесін қарастырады. Отырыс Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановтың төрағалығымен өтеді. Сондай-ақ ұйымға мүше елдер басшыларының отырысын 2017 жылдың маусым айының 8-9 күндері Астанада өткізу жоспарланады.
Тегтер