Қазақстан Сыртқы істер министрі бақылаушылардың Астана отырысына көбірек атсалысуын сұрады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i26228-Қазақстан_Сыртқы_істер_министрі_бақылаушылардың_Астана_отырысына_көбірек_атсалысуын_сұрады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы мен Катар сияқты кейбір араб елдері мен Еуропа Одағының Астана отырысын қадағалау үшін қатысуын маңызға ие деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 18, 2017 21:54 Asia/Almaty
  • Қазақстан Сыртқы істер министрі бақылаушылардың Астана отырысына көбірек атсалысуын сұрады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Сауд Арабиясы мен Катар сияқты кейбір араб елдері мен Еуропа Одағының Астана отырысын қадағалау үшін қатысуын маңызға ие деп атады.

Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов: «Астана отырысы үдерісін бақылаушы елдердің құзырының кеңеюі Сирия дағдарысын шешу үшін маңызды. Қазақстан кейбір араб елдерінің немесе Еуропа Одағының  Астана отырысына бақылаушы ретінде қатысуы туралы ұсыныс жасады.

Қазіргі кезде принципті тұрғыдан бақылаушылардың құзырының кеңеюі біз үшін маңызды. Сол себепті Қазақстан Сириядағы ымыраны тұрақтандыруға жауапты барлық елдердің осы отырысты қадағалай алуына  міндеттеме қабылдаған елдермен байланыста.

Міндеттеме қабылдаған елдерге, әсіресе Ресейге Сауд Арабиясы мен Катар сияқты кейбір араб елдерінің атсалысу мүмкіндігі тақырыбын айтқан болатынбыз. Біз үшін Еуропа Одағының Астана отырысы үдерісімен танысуы маңызды» деді.