Назарбаев: Ашхабад — Астананың аймақтағы стратегиялық серіктесі
(last modified Wed, 19 Apr 2017 08:53:31 GMT )
Сәу 19, 2017 14:53 Asia/Almaty
  • Назарбаев: Ашхабад —  Астананың аймақтағы стратегиялық серіктесі

Қазақстан Президенті өзінің түркімен әріптесімен кездесуінде Ашхабадты «Астананың аймақтағы стратегиялық серіктесі» деп атап, екі елдің әрқашан жақын қарым-қатынасқа ие болғанын қуаттады.

«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметінше, Түркіменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов Астанада Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуінде оның Астана сапарының екі ел арасындағы қарым-қатынастарды одан сайын нығаюына себеп болатынын қуаттап: «Екі елдің халықаралық салалардағы, соның ішінде тұрақтылық пен қауіпсіздік саласындағы ұстанымдары ұқсас»,- деді.

Қазақстан Президенті де екі ел арасында орнатылған дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жылдығына тоқталып: «Бұл кезеңде Астана мен Ашхабад арасындағы қарым-қатынастар сенім мен даму негіздері бойынша  орнатылды»,- деді.

Назарбаев Түркіменстанды аймақтағы Қазақстанның стратегиялық серігі және одақтасы деп атап: «Екі елдің халқы – бауырлас, тарихы, тілі мен діні ортақ жақсы көрші»,- деді.

Қазақстан Президенті Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жолының іске қосылуын транспорт пен коммуникция ынтамақтастығы саласындағы тарихи оқиға деп бағалады. Сапардың соңында стратегиялық ынтымақтастық және екі елдің шекарасын анықтау саласындағы келісімдерге қол қойылды.