Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де онлайн-конференция өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i26342-Әл_Фараби_атындағы_ҚазҰУ_де_онлайн_конференция_өтті
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің ирантану бөлімі мен Иран Ислам Республикасының Тәрбиәт-э модәррес университетінің гуманитарлық факультеті 12 сәуірде «Қазақстан мен Иран қатынасының жаһандануы: мәдени және рухани байланыстар» тақырыбында бірлескен онлайн-конференция өткізді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Сәу 22, 2017 08:20 Asia/Almaty
  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де онлайн-конференция өтті

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті шығыстану факультетінің ирантану бөлімі мен Иран Ислам Республикасының Тәрбиәт-э модәррес университетінің гуманитарлық факультеті 12 сәуірде «Қазақстан мен Иран қатынасының жаһандануы: мәдени және рухани байланыстар» тақырыбында бірлескен онлайн-конференция өткізді.

Конференцияда Гуманитарлық ғылыми-зерттеу институтының директоры, профессор Хосейнали  Гобади  «Иран эпосы: пайымдау және әлемдік түсінік», доктор Ибрахим Ходайар «Егемендік кезеңдегі Қазақстан мен Иранның мәдени және рухани байланыстары» тақырыптарында баяндама жасады. Онлайн-конференция жұмысына, сондай-ақ, Алматы қаласындағы Иран Ислам Республикасы Бас консулдығы Мәдени өкілдігінің басшысы Сейд Джалали, Шахид Бехешти университетінің докторы Амир Ченари, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің ұстаздары мен студенттері  қатысты.