Сәу 29, 2017 22:36 Asia/Almaty
  • Қазақстан шетелге 163 млрд доллар қарыз

Қазақстанның ұлттық банкі осы елдің шетелге қарызын 2016 жылдың аяқ шенінде 163 млрд 800 млн доллар деп мәлімдеді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның шетелге қарызы өткен жылдың аяқ шенінде 163 млрд 800 млн долларға жетіп, бір жылда 0,7 млрд долларға ұлғайған.

Қазақстан ұлттық банкінің мәліметі бойынша шетелге қарыздың 7,9 пайызы, яғни 12 млрд 900 млн доллары мемлекеттік бөлімнің, 4,4 пайызы немесе 7 млрд 200 млн доллары банк бөлімінің,  32 пайызы немесе 52 млрд 500 млн доллары тікелей инвестиция салуға еш қатысы жоқ өзге бөлімдердің шетелге қарызы болып табылады. Қалған 55,7 пайызы немесе 91 млрд 300 млн долларын компаниялардың қарыздары құрайды.

Осы дереккөзінің мәліметі бойынша, Қазақстанның шетелге қарызы өткен жылы осы елде экономиканың бәсекеге қабілеттілігін сақтау, даңғыл жолдар салу  мен жобаларды іске асыру мақсатында Әлемдік Банктен кредиттер тарту арқылы ұлғайды.

Қазақстан банктерінің шетелге қарызы өткен жылы 0,8 млрд доллар қайтадан төлеу және Ресейден облигациялар сатып алу арқылы азайды.

 

 

Тегтер