Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің төртінші кезеңі аяқталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i26744-Астанада_Сирия_бейбітшілік_келіссөздерінің_төртінші_кезеңі_аяқталды
Қазақстан Сыртқы істер министрі: «Астана отырысына қатысушылар Сирия дағдарысы үшін саяси шешім жолына қол жеткізуге сенімділік қалыптастыру шарасын күшіне енгізуге келісті» деді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 04, 2017 19:20 Asia/Almaty
  • Астанада Сирия бейбітшілік келіссөздерінің төртінші кезеңі аяқталды

Қазақстан Сыртқы істер министрі: «Астана отырысына қатысушылар Сирия дағдарысы үшін саяси шешім жолына қол жеткізуге сенімділік қалыптастыру шарасын күшіне енгізуге келісті» деді.

Келіссөздердің осы кезеңі Иран-Ресей делегацияларының екі жақты кездесулерімен басталды. Келіссөзде Сириядағы төрт аймақта текетіресті азайту туралы жобалар мен ұсыныстар қаралды. Сирия Идлиб облысы, Хомс қаласының солтүстік аймағы, Шығыс Ғуте мен Сирияның оңтүстігінде қауіпсіз аймақтар құру ұсынысын қабылдады. Келіссөздер Иран ислам республикасының бастамасымен Ресей және Түркияның ынтымақтастығымен Сирияда бейбітшілік орнату, атысты тоқтату және дағдарысты шешу мақсатында жоспарланған.