Астанада Сирия келіссөздерінің бірінші күні аяқталды
(last modified Thu, 04 May 2017 14:09:43 GMT )
Maм 04, 2017 20:09 Asia/Almaty
  • Астанада Сирия келіссөздерінің бірінші күні аяқталды

Сирияда атысты тоқтату бітімі туралы кеңестердің бірінші кезеңі Иран, Ресей мен Түркия өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның елордасы Астана қаласында өтті.

ИИР Телерадио бірлестігі ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Иран, Ресей мен Түркия делегациялары мен БҰҰ-ның өкілі Қазақстанның елордасы Астанада Сирия келіссөздерінің бірінші күнінің соңында атысты тоқтату бітімінің үдерісі жайында кеңесті. Ресей келісімгері осы отырыста: «Мәскеу бейсенбі күні болатын келіссөздерде Сирияда қақтығыстан ада 4 аймақ құру туралы меморандумға келісім жасалатындығына үміттенеді»,-деді.

Осыедай жағдайда Астанадағы Сирия келіссөздерінің бірінші күнінің қарулы наразылардың бүлдіргі әрекеттерімен бетпе-бет келгені хабарланды. Наразы топтар отырыстан шығып, әскери амалдардың тоқтатылып, тұтқындардың босатылуын талап еткен. Олар Алеппо облысының Рашедин ауданындағы Фуа мен Кафрия тұрғындарының жаппай қырылғанына тоқталмастан,  Сирия үкіметінің химиялық қаруларды пайдаланғаны туралы жалған уәждерді қайталаған. 

БҰҰ-ның Сирия істері жөніндегі өкілі текетірестің ұлғайғанына өкініш білдіріп, барлық тараптардан текетіресті жоюға талпыныс жасап, келіссөздердің жеңіліс табуының алдын алуға шақырды. Стаффан де Мистура  Астана келіссөздеріне қатысушылардан текетіресті жойып, тараптар арасында сенім тудыруды бүгінгі диалогтың негізгі өзегі етуді  сұрады.