Қазақстанның Еуразия одағына экспорт көлемі 40 пайызға артты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i27202-Қазақстанның_Еуразия_одағына_экспорт_көлемі_40_пайызға_артты
Қазақстанның статистикалық орталығы биылғы жылдың соңғы үш айында елдің Еуразия экономикалық одағы елдеріне экспорт көлемінің 40 пайызға ұлғайғаны туралы хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Maм 19, 2017 17:35 Asia/Almaty
  • Қазақстанның Еуразия одағына экспорт көлемі 40 пайызға артты

Қазақстанның статистикалық орталығы биылғы жылдың соңғы үш айында елдің Еуразия экономикалық одағы елдеріне экспорт көлемінің 40 пайызға ұлғайғаны туралы хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл одақ мемлекеттеріне ең көп көлемде экспортталған тауар метал прокаты болды. Осы мерзім аралығында оның сатылған көлемі 256 миллион 200 мың долларды құраған.

2017 жылдың алғашқы үш айында ҚР экспорт көлемі былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 30 пайызға ұлғайып, жалпы құны 10 миллиард 800 миллион долларға жеткен.

Сонымен қатар, 2017 жылдың алғашқы үш айында Еуразия одағы елдеріне шығарылған экспорт көлемі шамамен 39.2 пайызға, яғни 1 миллиард 200 миллион долларға артқан. Соның ішіндегі бір миллиард доллар, яғни 36 пайызы, Ресейге тиесілі.

Қазақстанның Қырғызстан еліне экспорт көлемі 97 миллион 500 мың долларға, яғни 44 пайызға жеткен.

ҚР-ның Арменияға экспорт көлемі 15 есеге, яғни 165 мың долларға, Беларусь Республикасына шығарған экспорт көлемі 7 есе, яғни 23,3 миллионға ұлғайған.