Иран және Қазақстан СІМ ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады
ИИР мен ҚР Сыртқы Істер Министрлері екіжақты ынтымақтастықтарды кеңейту қажеттігін қуаттады.
ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі мен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдер басшыларының саммитіне қатысу үшін Қазақстанға келген Иран Сыртқы Істер Министрі Мохаммад Джавад Зариф бейсенбі күні кешке Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездесіп, сұхбаттасты.
Иран және Қазақстан Сыртқы Істер Министрлері кездесу барысында банк саласындағы ынтымақтастықтарды кеңейту, Каспий теңізінің құқықтық режимін дайындау және халықаралық ұйымдарда ынтымақтастық жасау жайлы сұхбаттасты.
Қазақстан Сыртқы Істер Министрі Қайрат Әбдірахманов кездесуде сәрсенбі күні Теһранда орын алған лаңкестік шабуылдарды айыптап, Иран үкіметі мен халқына көңіл айтып, ИИР-ның лаңкестікпен күрестегі оң рөліне сілтеме жасап: "Лаңкестікпен күресте барша бірігуі тиіс",- деп қуаттады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі "Ғылым және технологиялар" тақырыбы бойынша Ислам ынтымақтастық ұйымы саммитінің 2017 жылы Астанада өтетіндігіне тоқталып, Иран президенті Хасан Руханидің осы саммитке қатысуына үміт білдірді.