ДАИШ қатарына қосылған қазақстандықтардың 90 пайызы өз істеріне өкінеді
Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Сириядағы ДАИШ лаңкестік тобының қатарына қосылған қазақстандықтардың 90 пайызының өз істеріне өкінетінін хабарлады.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев: «Қазақстандық азаматтар әртүрлі мақсаттармен Сирия мен Иракқа аттанды. Бірақ бұл адамдардың көбі исламдық құндылықтар мен діни негіздер туралы нақты мәліметтерге ие емес»,- деді. Оның айтуынша, елдің діни жағдайына байланысты елдің экстремист адамдары Сирия мен Иракқа сапар шегіп, лаңкестік топтарға қосылған. Бұл мәселе Қазақстанның заңдарына қайшы келеді. Қазақстанның заңдары бойынша экстремистік топтарға қосылғандар елдің азаматтығынан айырылады.
Ресми мәліметтер бойынша Орталық Азия мен Ресейдің шамамен 5000 азаматы ДАИШ экстремистік тобына қосылған.