Біртұтас әліпбидің болмауы әлемдегі қазақтардың алыстауына себеп болды
Қазақстан Президенті: «Қазақтардың бір тіл, бірақ үш әліпбиді пайдалануы олардың бір-бірінен алыстауына себеп болды»,- деді.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада өтіп жатқан әлем қазақтарының 5-ші дүниежүзілік құрылтайында қазақ әліпбиінің кириллицадан латын әліпбиіне ауысуын сындарлы әрі әлемнің жер-жеріндегі қазақтардың бірігуіне себеп болады деп бағалады.
Н. Назарбаев құрылтайда латын әліпбиіне көшуді әлемдік білім мен ғылым жүйесіне сай және Қазақстан мен әлемнің әртүрлі елдеріндегі қазақтардың бірлігін қамтамасыз етеді деп атады. Ол сөзінің жалғасында қазақтардың тілінің бір болғанымен, үш түрлі жазумен жазғанына тоқталып: «Бұрынғы Кеңес одағында өмір сүрген қазақтар кириллицамен, Қытайда тұрғандар төте жазумен, Батыс елдеріндегілер латын әрпін пайдаланады. Сондықтан, біз жазғандарымызды оқимыз, бірақ бір-бірімізді жақсы түсінбейміз. Қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі бізді біріктіре түседі»,- деді.