Қазақстан Қырғызстанға 100 млн доллар инвестиция салады
Қазақстан Еуразия одағының кедендік инфраструктураларын салып, Қырғызстанның санитарлық, фитосанитарлық және ветеринарлық жүйелерін нығайту үшін инвестиция салады.
"Фарс" хабар агенттігінің мәліметі бойынша Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстанмен Еуразия одағы шеңберінде екіжақты экономикалық серіктестіктерге қатысты заңға қол қойды. Осы заңға сәйкес, Қазақстан үкіметі Қырғызстанның кеден саласы мен осы елге ветеринарлық лабораториялар салу үшін 100 млн доллар көлемінде материалды көмек көрсетеді.
Материалды көмек біртіндеп жіберіледі. Тараптар бөліктердің әрқайсына жеке техникалық көмек протоколын дайындап, қол қойып, бекітеді.
Протоколдарға сәйкес, материалды көмек ақша, құрал-жабдық, тауар, өнімдер мен оқыту қызметтері түрінде ұсынылады.