Қазақстан президенті киберлік қауіп-қатерге қарсы тұрып, лаңкестікпен күресуге шақырды
Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің отырысы ел президентінің төрағалығымен өтті. Киберлік қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, лаңкестіктің таралуының алдын алу отырыста қарастырылған маңызды тақырыптардың қатарын құрады.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев отырыста сөйлеген сөзінде сандық технологияларды пайдаланудың маңыздылығы мен киберлік қоқан-лоққылар мен ақпараттық технологияларды заңсыз пайдаланумен күресу қажеттігін қуаттап: «Ақпараттық технологиялар халықтың өмірі мен үкіметтің барлық саласында қоданысқа ие. «Қазақстанның үшінші модернизациясы: жаһандық бәсекелестік» жобасының мақсаты – елдегі сандық технологияларды дамыту. Сандық технологияларды дамыту ел үшін пайдалы болғанымен, басқа жақтан оны пайдаланудың киберлік қауіп-қатерлері де бар» деді.