Қазақстан Голестан облысының Инчебурун портына инвестиция салуға мүдделі
(last modified Sat, 15 Jul 2017 10:12:15 GMT )
Шіл 15, 2017 16:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан Голестан облысының Инчебурун портына инвестиция салуға мүдделі

Қазақстанның Маңғыстау облысының әкімі өз елінің Иранның солтүстігіндегі Голестан облысындағы Инчебурун портына инвестиция салуға әзірлігі туралы хабарлады.

IRNA ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Маңғыстау облысы әкімінің инвестиция салу мен өнеркәсіп саясаты жөніндегі орынбасары Рахымбек Әміржанов жұма күні Голестан облысының Гомбаде Кавус қаласында өткен отырыста: "Иранның, әсіресе Инчебурун станциясы мен портының әлеуеттері Қазақстан жеке секторының инвестиция салуға қызығушылығын тудырып отыр",- деді.

Рахымбек Әміржанов Инчебурун портында инвестиция салу үшін тиісті инфрақұрылымдарды әзірлеу қажеттігін қуаттап: "Қазақстан ирандық колмпаниялардың инфрақұрылымдарды инвестициялауын қабылдауға әзір",- деді.

Ол 2014 жылы қарашада Қазақстан-Түркіменстан-Иран темір жол магистралінің ашылғанына тоқталып: "Бұл темір жол магистралі үш ел, әсіресе Қазақстан мен Иран арасындағы қатынастарды дамыту үшін жақсы мүмкіндік",- деді.

 

Тегтер