Қазақстанның 500-ден астам азаматы лаңкестік топтарға мүше
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i29068
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 500-ден астам қазақтың елден тысқары жердегі содырлардың қосындарында екенін хабарлады.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Шіл 18, 2017 17:28 Asia/Almaty
  • Қазақстанның 500-ден астам азаматы лаңкестік топтарға мүше

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі 500-ден астам қазақтың елден тысқары жердегі содырлардың қосындарында екенін хабарлады.

Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев осы туралы: «Бұл адамдардың мақсаттары – лаңкестік әрекеттер жасау, экстремистік топтар құру және басқару, сондай-ақ, ұлттық мүдделерге зиян тигізу.

Лаңкестік ұйымдарға қосылу мақсатында елден шыққан адамдар сатқын саналатындықтан кейбіреулері азаматтықтан айырылады»,-деді.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2017 жылдың 11 шілдесінде  лаңкестік топтарға мүше адамдар мен қылмыскерлерді азаматтықтан айыру заңына қол қойды.