Қазақстан Республикасының президенті ДАИШ-пен күресті жалғастыру қажеттігін қуаттады
Шіл 22, 2017 14:57 Asia/Almaty
Қазақстан Республикасының президенті ДАИШ лаңкестік тобымен күресті жалғастыру қажеттігін қуаттады.
Әзірбайжан Республикасының Islam Azeri интернет сайтының хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні Астанада Қазақстандағы діни азшылықтар өкілдерімен өткен отырыста: "Еліміздің қауіпсіздік күштері лаңкестердің көзін жою жолындағы күресті жалғастырады",- деп мәлімдеді.
Мұның алдында да Қазақстан президенті ДАИШ лаңкестік тобына мүшелікке кірген ел азаматтарының азаматтықтан айрылатынын, сондай-ақ Қазақстан азаматтарынан 500-600 адамның лаңкестік топтардың, әсіресе ДАИШ тобының қатарына қосылғаны туралы айтқан болатын.
Тегтер