АҚХА Қазақстанда уран сақтайтын банк ашты
(last modified Thu, 31 Aug 2017 09:29:54 GMT )
Там 31, 2017 15:29 Asia/Almaty
  • АҚХА Қазақстанда уран сақтайтын банк ашты

АҚХА Қазақстанда әлсіз байытылған уран сақтайтын банк ашты.

Төмен дәрежеде байытылған уран сақтайтын банкі Қазақстанның Өскемен қаласында ашылды.  Бұл банктің сақтау сыйымдылығы жалпы 90 тонна ядролық отын деп жарияланды.  Қазақстанда ядролық отын сақтау банкін ашудағы мақсат осы уақытқа дейін ядролық өнеркәсіпке ие болмаған елдерде уран байыту жұмыстарының басталуының алдын алу деп жарияланды.

Осыған қатысты АҚХА-ның Бас директоры Юкио Амано мәлімдеме жариялап: «Уран банкі әлсіз байытылған уранды ядролық отын өндіру үшін атом стансаларында қолданғысы келетін елдерді сендірудің соңғы механизмі болып отыр»,-деді.

АҚХА, сондай-ақ, жуырда өндіруші елдерден ядролық отынды сатып алуды бастайтынын жариялады. 

Әлемдік алпауыттар тарапынан қалыптасқан шектеулерге байланысты  Қазақстанда әлсіз байытылған уран сақтау банкін ашу бірнеше қырдан маңызды: біріншіден, бұл – толығымен ойластырылған қадам. Соның нәтижесінде атом қуатына ие елдер болашақта басқа елдердің уран байытуға, әсіресе атом өнеркәсібіне ие болуға ұмтылуына кедергі жасайды; екіншіден,  бұрын атом қуатына ие болған Қазақстан аймақ елдерінің, әсіресе  Кеңес одағынан қалған елдердің уран байытуға ұмтылуына тосқауыл болады;  үшіншіден,  әлсіз байытылған уран сақтау банкін ашу АҚХА-ін бақылаушы ұйымнан ядролық өнімдермен қамтамасыз ететін негізгі ұйымға айналдырады. Шын мәнінде, уран байыту бір елде, болашақта тек бірнеше елде ғана шоғырланатын болады. АҚХА-нің әлемнің басқа аймақтарында да осындай банктер ашуды күн тәртібіне қойып  отырғаны анық.

Мұндай саясатты жүзеге асырудың әлем елдері үшін бірқатар салдары бар: біріншіден, бұл елдердің белгілі бір орталыққа тәуелді болуына әкеліп соқтырады; екіншіден, елдердің ядролық нысандарының бір шетелдік көзге тәуелді болу мәселесі ядролық мүмкіндікке ие елдердің әрекет тәуелсіздігі мен қабілетіне шектеу қояды.

АҚХА басшыларының АҚШ-қа бағынатынын ескерсек,  бұл ұйым келешекте қысым жасау тетігі ретінде қолданылатын болады. Бұл мәселе мына қырынан алаңдаушылық тудырады: әртүрлі дәрежеде байытылған уран түрлі салаларда, соның ішінде ядролық медицина мен атом станцияларында көптеп қолданылады. Шетелге бағыныштылық елдерге орасан зор зиян келтіретін болады.

Жалпы, мұндай нарықты қалыптастыру ірі ядролық алпауыттардың өнеркәсіптің осы саласын монополиялауды қалайтынын көрсетеді. Мұндай жағдайда ядролық монополия басқа елдер үшін өте зиянды әрі қауіпті саналады. Ірі ядролық алпауыттар, соның ішінде АҚШ адамның денсаулығына қатысты ешқандай міндеттеме алмайтынын бұрыннан көрсетті. Жапонияның Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан жүздеген мың жапондық қырылып,  мүгедекке айналды немесе кемтар болып дүниеге келді.