Қазақстанда «Қаратау-2017» әскери жаттығуы басталды
Қазақстанда 10000 әскери қатысатын «Қаратау-2017» әскери жаттығуы басталды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Қорғаныс министрі Сакен Жасұзақовтың бұйрығымен осы ел Қарулы күштерінің стратегиялық амалдарға арналған «Қаратау-2017» атты кең ауқымды жаттығулары 10000 әскеридің қатысуымен басталды.
Қазақстанның Қорғаныс министрлігі жаттығулардың мақсатын елдің Қарулы күштерінің жауынгерлік дайындығын тексеру деп жариялады. Жаттығуларға елдің шығыс, оңтүстік-шығыс және оңтүстік-батыс өңірлеріндегі әскери бөлімшелер қатысады.
Жаттығу барысында 1500-ден астам әскери техника, 40 ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ, елдің теңіз күштерінің кемелері қолданылады.
Қазақстан Қарулы күштерінің осы кең ауқымды стратегиялық әскери жаттығуларын басқару міндеті елдің Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары әрі ел Қарулы күштерінің орталық штабының қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевке жүктелді.
Жаттығулардың ерекшелігі әскерилердің үлкен тобын төрт бағыт бойынша бір уақытта басқару, Қарулы күштердің барлық тармақтары, әскери бөлімшелері мен дайындау бөлімдерінің әріптесе әрекет етуі, сондай-ақ, әскери күштер мен барлау құрылғыларының әлеуетін бағалау болып отыр.