Қазақстан Президентінің партиясы Парламенттік сайлауда жеңіске жетті
(last modified Tue, 22 Mar 2016 15:59:52 GMT )
Нау 22, 2016 21:59 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президентінің партиясы Парламенттік сайлауда жеңіске жетті

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 21-ші наурыз күні Парламенттік сайлаудың алғашқы нәтижелерін жария етіп: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған «Нұр Отан» партиясы 82 пайыздан артық дауысқа ие болып, сайлауда жеңіске жетті»,- деді.

Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов 21-ші наурыз күні Парламенттік сайлаудың алғашқы нәтижелерін жария етіп: «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев басқарған «Нұр Отан» партиясы 82 пайыздан артық дауысқа ие болып, сайлауда жеңіске жетті»,- деп мәлімдеді.

Мәжіліс 107 депутаттан құралады. 98 депутат біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша жасырын дауыс беру жағдайында жалпыға бірдей, тең және тікелей сайлау құқығы негізінде партиялық тізімдер бойынша сайланады. Қазақстан халқы Ассамблеясы ұлттық саяси органдардың бірі, сондықтан қалған 9 депутат Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланады.

Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйым тарапынан сайлауға қатысқан бақылаушылар «Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы өзінің демократиялық сайлау өткізу міндеттемесін орындаған жоқ» деп жариялады.

Қазақстанның кезектен тыс парламенттік сайлауы 14-ші қаңтарда Мәжілісі өкілдері президенттен мәжілістің бесінші шақырылымын таратып, кезектен тыс сайлау өткізуді талап еткен соң өтті.

Қазақстан Мәжілісі депутаттарының бұл органды тарату туралы мәлімдемесінде: «Мәжіліс ұлттық жобаны іске асыру үшін қажетті құқықтық жағдай тудырып, өзінің тарихи міндетін орындады. Енді жаңа депутаттардың келуін қажет етеді»,- деп қуатталған болатын. Қазақстан Мәжілісінің өткен шақырылымы депутаттарының айтуы бойынша, Ата заңның бесінші реформасының іске асырылуы негізінде Қазақстан Президенті мен өткен кезеңнің Мәжілісі 80-нен астам заң бекітіп, болашақтың жол картасын анықтады. Сондықтан жасампаздық және президенттік реформаларды іске асыру деп анықталған жаңа тарихи кезеңде қоғамдық ой-пікірдің сеніміне ену қажеттілігі қуатталды. Бұл жобаны ұсынушылар әлемдік экономикалық тоқырауға байланысты дағдарысқа қарсы шара қолдану үшін Қазақстан бірлік пен ынтымақтастықты қажет етеді деп баса айтты. Сол себепті барлық салалардағы реформаларды іске асыру үшін Парламенттік сайлаумен бірге жергілікті мәслихат сайлауларын да өткізу қажет болды. Осы мәселе Мәжілістің бесінші шақырылымын таратып, кезектен тыс сайлау өткізу жобасына себеп болды.

Осылайша Қазақстан Президентінің бұйрығымен парламент таратылып, 20-шы наурызда кезектен тыс парламенттік сайлау өткізілетін болды.

Саяси бақылаушылардың пікірінше, кезектен тыс парламенттік сайлау билік басындағы «Нұр Отан» партиясының билігін сақтап қалу үшін өтті. Парламенттік сайлауда жеңіске жетіп, «Нұр Отан» осы саладағы өзінің бірінші мақсатына жетті.

Өөткен жылғы кезектен тыс президенттік сайлау мен биылғы кезектен тыс парламенттік сайлау бұл елді әлемдік экономикалық дағдарыстарға қарсы тұруға дайындау мақсатында өтті. Алайда мұндай іс-қимылдардың Қазақстанның экономикасы мен саяси өзгерістеріне және халықаралық экономикалық дағдарыстарға қарсы қоғамдық өзгерістеріне әсер ететіндігі белгісіз.