Қазақстан Қытайға жылына 5 млрд текше метр газ экспорттайтын болды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i31343
Қазақстанның ҚазТрансГаз және Қытайдың PetroChina International Company Limited компанияларының арасында Қытайға жылына 5 млрд текше метр табиғи газ эскпорттау туралы келісімге қол жеткізілді.
(last modified 2025-01-08T10:35:21+00:00 )
Қаз 04, 2017 08:12 Asia/Almaty
  • Қазақстан Қытайға жылына 5 млрд текше метр газ экспорттайтын болды

Қазақстанның ҚазТрансГаз және Қытайдың PetroChina International Company Limited компанияларының арасында Қытайға жылына 5 млрд текше метр табиғи газ эскпорттау туралы келісімге қол жеткізілді.

Қазақстандық ҚазТрансГаз компаниясының тасымал және маркетинг бөлімі басшысының орынбасары Қайрат Шарипбаев осы тұрғыда: "Қазақстан газының транзит жолдарын түрлендіру мен оның экспорт мөлшерін ұлғайту ел Президенті айқындаған стратегиялық мақсаттар болып табылады",-деді.

Қазақстанның табиғи газдың осынша көлемін экспорттаудан табатын пайдасы 1 миллиард доллардан асатын болады.