Қазақстанда алтын контрабандасымен айналысқан топтың мүшелері құрықталды
(last modified Wed, 10 Jan 2018 09:19:24 GMT )
Қаң 10, 2018 15:19 Asia/Almaty
  • Қазақстанда алтын контрабандасымен айналысқан топтың мүшелері құрықталды

Қазақстанда ұзақ уақыт бойы Қытайға заңсыз өндірілген алтынды тасыған қылмыстық топтың мүшелері құрықталды.

"Фарс" ақпарат агенттігінің Қазақстаның ұлттық қауіпсіздік ұйымының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйеніп хабарлауы бойынша елдің қауіпсіздік күштері ұзақ уақыт бойы Қытайға заңсыз өндірілген алтынды тасыған қылмыстық топтың мүшелерін қамауға алған.

Алматы, Астана және Степаногорск қалаларындағы арнайы операциялар кезінде  қылмыстық топтың мүшелері, соның ішінде бір қытайлық азамат қамауға алынды.  Алматы облысының Алтынкөл бекетінде 106 тонна құрамында алтын бар кен тиелген екі вагон тоқтатылып, жалған құжаттар тәркіленді.  Сондай-ақ, алтын кендерін сақтауға арналған орындарға тексеріс жасалып, шағын зертхана анықталды.