Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық дағдарысын шешу үшін бітімгер болуға әзір
(last modified Sat, 20 Jan 2018 11:55:47 GMT )
Қаң 20, 2018 17:55 Asia/Almaty
  • Қазақстан Солтүстік Кореяның ядролық дағдарысын шешу үшін бітімгер болуға әзір

Қазақстан президенті өз елінің Солтүстік Кореяның ядролық дағдарысын шешу үшін бітімгер болуға дайын екенін хабарлады.

 

 

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұма күні БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесінен Солтүстік Кореяның сенім тудырып, келіссөздер үстеліне қайта келуі үшін оған кепілдік беруді  сұрады.

АҚШ, ҚХР, Жапония, Ресей, Оңтүстік Корея мен Солтүстік Корея елдерінің Корей түбегіндегі ядролық мәселелерді шешуге бағытталған алты жақты келіссөздері  2008 жылдың соңынан бері АҚШ-тың дұшпандық саясаттары және бұл елдің Солтүстік Кореяның алдындағы өз міндеттеріне берік болмауына байланысты тоқтатылған болатын.

Қазақстан президентінің сөзі Сирия дағдарысын шешу тақырыбында өткізілген Астана келіссөздерінен кейін қол жеткізген өз-өзіне деген сенімділік және батылдықпен халықаралық деңгейдегі өзінің рөлін дамытуды көздеп отырғанын көрсетеді.

Қазақстанның Солтүстік Кореяның ядролық мәселесін шешу үшін бітігер болуға ынта танытуы бұл елдің өзі үшін тәуелсіз рөлді анықтап, өзін халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдайтын ойыншы ретінде көрсетуге талпыныс жасап жатқанын білдіреді.

Қазақ халқының арасында бітімгер болу дәстүрі тарихының тереңде жатқанын айтқаг жөн.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев мұның алдында ақпарат құралдарына берген сұхбатта: "Біз халықаралық деңгейдегі сұхбаттасудың күшіне сенеміз. Біздің осы деңгейдегі бітімгер ретіндегі әлеуетіміз артып келеді",- деп мәлімдеген болатын.

Қазақстан бұл салада бірнеше ұпайға ие: біріншіден, әлемдік алпауыт елдер өздерінің мүдделеріне байланысты Қазақстанның бұл ұсынысын қолдап отыр. Қытай өзінің "Жібек жолы" жобасын дамыту үшін жасап жатқан талпыныстарына, Ресей Орталық Азиядағы өз ықпалын мәңгілік сақтауға деген ынтасына, АҚШ өзінің осы аймақ елдерімен орнатқан дәстүрлі қатынастарын сақтап қалу үшін Қазақстанның осы әрекетіне оң қабақ танытып отыр.

Мұнымен қатар Қазақстанның халықаралық мәселелердегі бейтарап ұстанымы мен оның орталық алып державалардың арасынан орын алуы дағдарысқа шырмалған ойыншылардың алдында теріс ойыншы ретінде танылмауына мүмкіндік береді.

Дағдарысқа шырмалған елдердің бітімгердің  рөлін атқаратын елге деген оң көзқарасы дағдарысты шешу үдерісін жылдамдататын маңызды факторлардың бірі саналады. Осындай оң көзқарас болмаған жағдайда бітім келіссөздері сәтсіздікке ұшырайды.

Ядролық қаруларды сынақтан өткізуге тыйым салу келісімі жөніндегі ұйымның басшысы Лассина Зербо бір сұхбатында: "Қазақстан ядролық қаруларды бақылау ісіне белсенді қатысуының арқасында ядролық келіссөздердегі бітімгер елге айнала алады",- деген болатын.

Сондықтан Қазақстанның өзінің әлемдік бейбітшіліктегі тәуелсіз орны мен маңызын түсініп, әлемдік алпауыт елдер мен араласушы ойыншыларға осындай рөлін бұрмалауға рұқсат бермегені жөн.

Қазақстан үшін осы рөлдің жалғасуы мен оның нығаюы аймақтық және әлемдік тұрақтылыққа жеткізумен қатар, Қазақстан үшін көптеген экономикалық және саяси артықшылық әкеледі.