Қазақстанда бір топ әсірешіл ой-пікірлерді таратқаны үшін құрықталды
(last modified Sat, 03 Feb 2018 10:41:23 GMT )
Ақп 03, 2018 16:41 Asia/Almaty
  • Қазақстанда бір топ әсірешіл ой-пікірлерді таратқаны үшін құрықталды

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті он екі адамның елде әсірешілдік ой-пікірлерді таратқаны үшін құрықталғанын хабарлады.

Қазақстанның қауіпсіздік күштері бұл адамдарды Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан қалалар мен аймақтарда құрықтаған. Құрықталғандардың аты-жөндері аталмағанымен, оларға әлеуметтік желілер арқылы әсірешілдік ой-пікірлерді таратты деген айып тағылды.

ҚР президентінің жарлығымен бұл елде терроризм және экстремизммен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарлама 2012-2017 ж.ж. әзірленіп, жүзеге асырылды. Сонымен қатар, Қазақстан үкіметі алдағы бес жылда елде экстремизм және терроризммен күрес бағдарламасын жүзеге асыру үшін 900 миллионға жуық қаржы бөлуді жоспарлап отыр. Бұл мақсатта "2018-2022 ж.ж. діни экстремизм және терроризммен күрес" атты мемлекеттік бағдарламаның жобасы әзірленген. Бұл бағдарламаға бөлінген бюджеттің ауқымды бөлігі интернет кеңістігін, соның ішінде әлеуметтік желілерді бақылау мен соған қатысты шараларға жұмсалады. Қазақстандық журналист Александр Бугатик жүздеген Қазақстан азаматының Сирия мен Ирактағы құзыры мен олардың лаңкестік топтардың қатарында болуына сілтеме жасап, Қазақстандағы терроризм және экстремизммен күрес жөніндегі бағдарламаны әзірлеуді Астана үкіметінің қауіпсіздік бағдарламаларының басты қажеттіліктерінің бірі деп атады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі түрлі оқиғаларға байланысты Қазақстан халқы үшін әсірешілдіктен туындайтын қауіп-қатерлер жайлы ескерткен болатын.

Назарбаев терроризммен күрес бағдарламасының негізгі бөлігін бүлдіргі күштерді қаржылай қамтамасыз етудің жолдарын жауып, олардың сыртқы лаңкестік ұйымдармен байланысын үзу деп атап, абақтыға қамалғандар арасында оңалту және радикалсыздандыру жұмыстарын жүргізуді өте маңызды деп атады. Сондықтан, Астана үкіметі абақтыға қамалғандарды оңалту мақсатында арнайы діни және рухани білім беруге көмектесу үшін жан-жақты кешенді бағдарламаны өзінің жұмыс тәртібіне енгізді. Қазақстан президентінің пайымдауынша, бұл әдіс әсірешілдікті насихаттаудың алдын алу шаралары шеңберінде жүзеге асырылып, қоғамда лаңкестік және әсірешілдік әрекеттермен шынайы түрде күресу қажет деген пікірді таратуы тиіс. Аталмыш әдіс бүгінде Қазақстанның он екі азаматының  құрықталуымен көрініс тауып отыр.

Қазақстан саясаттанушысы Рауан Дауталиев бұл мәселе жөнінде: "Қазақстанның Бас прокуратурасы 2017-2020 ж.ж. арналған терроризм және экстремизммен күрес бағдарламасын жүзеге асыру үшін жиырмаға жуық министрлік пен мемлекеттік органды, соның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Экономикалық қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін жұмылдырды. Бұл бағдарламаның бюджеті Қазақстан үкіметінің лаңкестікке қарсы алдыңғы бағдарламасына бөлінген бюджеттің қорынан қамтамасыз етіледі",- деді. Оның айтуынша, қазір Қазақстан қоғамы елді қауіпсіздікпен қамтамасыз етуді қажет етіп отыр.

Бүгінгі таңда Қазақстанның қауіпсіздік күштері мен полицияның мемлекеттік және сот органдарымен бірге терроризм және әсірешілдік қозғалыстармен күресіп, елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отырғанына қарамастан, бір жайт назардан тыс қалмауы тиіс: ол Қазақстан азаматтарының жуырдағы құрықталуы тек Қазақстанның ғана емес, сондай-ақ, Орталық Азия республикаларының алдында әсірешіл және тәкфирлік ой-пікірлер және сенімдермен күресу үшін ұзақ жол күтіп тұрғанын көрсетті. Бұл жағдайдың шешім жолын ұзақ мерзім аралығында қазірде жүзеге асырылған шаралармен қатар саяси-әлеуметтік рационалдық, сот және қауіпсіздік үдерістерінің басқа аймақ елдерімен бірлігінен іздеген жөн.