16 наурыз күні Астанада Иран, Ресей мен Түркия Сыртқы Істер Министрлері бас қосады
(last modified Sat, 03 Mar 2018 08:38:49 GMT )
Нау 03, 2018 14:38 Asia/Almaty
  • 16 наурыз күні Астанада Иран, Ресей мен Түркия Сыртқы Істер Министрлері бас қосады

Ресейдің Қазақстандағы елшілігі ИИР, Ресей және Түркия Сыртқы Істер Министрлерінің 2018 жылы наурыздың он алтысы күні Сирия жағдайын қарастыру үшін Қазақстанның елдордасы Астана қаласында кездесіп, сұхбаттасатынын мәлімдеді.

Mehr ақпарат агенттігінің ливандық Al Ahed News агенттігіне сілтеме жасап хабарлауы бойынша, ИИР, Ресей мен Түркия Сыртқы Істер Министрлерінің Астанадағы үшжақты кездесуі барысында Сирия өзгерістері, қақтығыс азайған аймақтар құру туралы келісім мен Шығыс Ғуте аймағында атысты тоқтату бітімі туралы қарар талқыланады.

Астана келіссөздері ИИР, Ресей мен Түркияның бастамасымен АҚШ-тың еркінен тыс Сирия дағдарысын шешу мақсатында жүзеге асырылды. 2016 жылы желтоқсанның отызынан бастап Сирия үкіметі мен қаруланған сириялық наразы топтардың келісімімен жаппай атысты тоқтату бітімін орнатуды жариялау Астана келіссөздері үшін бастама болды.

Сирия істері жөніндегі Астана келіссөздерінің сегізінші кезеңі 2017 жылы желтоқсанның 21-22 күндері өткізілді. Бұл кезеңде Иран, Ресей мен Түркияны қамтитын атысты тоқтату бітіміне кепіл үш елден бөлек Сирия үкіметінің өкілі, осы ел үкіметінің оппозициясы, мен БҰҰ, АҚШ және Иордания өкілдері бақылаушы ретінде қатысты.

 

 

Тегтер