Қазақстанның бұрынғы Экономика министрі бас бостандығынан айрылды
(last modified Thu, 15 Mar 2018 15:18:41 GMT )
Нау 15, 2018 21:18 Asia/Almaty
  • Қазақстанның бұрынғы Экономика министрі бас бостандығынан айрылды

Қазақстанның елордасы Астана қаласының Соты елдің бұрынғы Экономика министрін сыбайлас жемқорлық және парақорлық деген айыппен 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.

Қазақстанның бұрынғы Экономика министрі Қуандық Бішімбаевқа құрылыс компаниялардың мүдделерін қорғау үшін олардан пара алды деген айып тағылған болатын.

Қазақстанның бұрынғы Экономика министрі 2017 жылы қаңтардың оны күні тұтқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Сенатының бұрынғы мүшесінің баласы мен бір құрылыс компаниясының 21 қызметкері Қазақстанның қауіпсіздік күштері тарапынан  құрықталған болатын.