Қазақстандағы Иран елшілігінде Наурыз мерекесіне арналған рәсім өтті
Қазақстанның елордасы Астана қаласында осы елде тұратын ирандықтардың қатысуымен Наурыз мерекесіне арналған рәсім өтті.
ИИР-ның Қазақстандағы елшісі Моджтаба Демирчилу рәсімде Наурыз мерекесін Иран мәдениетінің ең маңызды элементі деп атап, осы мейрамның адами және мәдени аспектілерін таныстырып өтті.
Қазақстандағы ИИР Мәдени өкілдігінің басшысы Масуд Зейнаддин Наурыздың парсы әдебиетінде алатын орнына тоқталып: "Наурыз әрдайым ирандық ақындарға шабыт беріп, соның арқасында Наурызды сипаттайтын көркем туындылар мен өлеңдер жазылды",- деді.
Ираннан бастау алатын Наурыз мерекесі әлемнің 12 мемлекетінде ресми түрде мойындалған. Иран, Ауғанстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түркіменстан, Қазақстан, Қырғызстан және Албания елдерінің ресми күнтізбесінде Наурыз мереке ретінде аталып, демалыс деп жарияланған.