Қазақстанда әлеуметтік реформа жүргізу үшін 8 млрд доллар бөлінеді
Қазақстан президенті әлеуметтік реформа өткізу үшін 2,6 триллионнан астам теңге (8 млрд доллар) бөлінетінін айтты.
Fars хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев депутаттардың 26-шы саммитінде сөйлеген сөзінде бұл бастаманы жүзеге асырудың қомақты қаржыны қажет ететінін айтып: «Жалпы алғанда елде әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыру үшін 2,6 триллионнан астам теңге жұмсалады. Бұл үлкен сома мен инвестиция Қазақстан азаматтарының болашағы үшін» деді.
Назарбаев 2018 жылдың наурыз айының бесі күні әр отбасының үй сатып алуы үшін жаңа мүмкіндіктер, жалақылары төмен жұмысшылардың айлық ақыларын арттыру үшін салықты азайту, жоғары білім алуға қолжетімділік пен оның сапасын, студенттердің өмір сүру жағдайын жақсарту, шағын несиелерді кеңейту мен елдің бүкіл аймағын газбен қамтамасыз ету деген бес мәселені елінің басты міндеттері деп атады.