Қазақстан жалпы ішкі өнімінің бір бөлігін Армияны нығайтып, жабдықтауға бөледі
Қазақстан президенті 2020 жылға дейін ұлттық жалпы ішкі өнімнен нақты бір соманы Армияға бөлуді мақсат етіп отырғанын айтты.
Fars хабар агенттігінің мәтіметіне сәйкес, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев бүгін дүйсенбі – Отан қорғаушылар күніне орай Жамбыл облысында өткен әскери парадта Армияны ел тәуелсіздігінің сақшысы деп атап: «Қарулы күштер – ел қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі және тыныштығының негізгі кепілі. Біздің Армия Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымы шеңберінде ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде рөлге ие. Сонымен қатар БҰҰ-ның басшылығымен бейбіт сипатты жұмыстарды атқарады» деді.
Қазақстан президенті саяси шындықтарға тоқталып, елінің Армияға көңіл бөліп, жүйелі түрде қару-жарақтық жаңа модельдер мен әскери құрал-жабдықтарды сатып алатынын мәлімдеп: «Біздің мақсатымыз – мықты, кәсіби, әлеуетті армия құру. Біз Армияның құрылымында киберлік қауіп-қатерлермен күресіп жатқан арнайы бөлімдерді құрдық» деді.