«Кобальт-2018» жаттығулары басталды
Алматы қаласында Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымының «Кобальт-2018» атты мамандандырылған жаттығулары басталды.
Fars хабар агенттігінің хабарлауы бойынша жаттығуларға ҰҚШҰ-на мүше елдердің бөлімшелері мен Армения полициясының басшылары, Беларусь Ішкі істер министрлігінің күштері, Ресей Ұлттық гвардиясы бірліктерінің федералды қызметі, Қазақстанның ұлттық гвардиясы, Қазақстан мен Ресей және Тәжікстан ІІШ қатысып жатыр.
Жаттығулардың негізгі мақсаттары Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына мүше елдердің ІІМ-нің бөлімшелері мен қауіпсіздік ұйымдарының, елдердің министрліктері мен төтенше жағдайлар мен есірткі заттар контрабандасымен күрес бойынша кеңселерінің әзірліктерін арттыру саналады.
Сонымен қатар күштерді басқару бойынша ортақ шеберліктерге жаттықтыру, әсіресе қарулы заңсыз топтардың көзін жоюға негізделген операцияларды орындау шеңберінде құрал-жабдықтарды дамыту, ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің бөлімшелері мен құрал-жабдықтарын толықтыру, сонымен қатар қару-жарақ және әскери, мамандандырылған технологиялардың үлгілерімен таныстыру да жаттығулардың негізгі мақсаттарының қатарын құрайды.
«Кобальт-2018» мамандандырылған жаттығуы мамырдың 22 дейін жалғасады.