Назарбаев Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тұрақты басшысы болып тағайындалды
(last modified Fri, 01 Jun 2018 12:50:34 GMT )
Маусым 01, 2018 18:50 Asia/Almaty
  • Назарбаев Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің тұрақты басшысы болып тағайындалды

Қазақстанның Сенаты ел Президентінің Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесін өмірінің соңына дейін басқаруына келісімін жариялады.

ISNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Парламенті бейсенбі күні кешке бір заң жобасын бекітті. Бұл заң Қазақстанның тұңғыш басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа осы елдің Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік басшысы міндетін атқаруына рұқсат берді.

Осыдан бұрын Қазақстанның заманауи зерттеулер орталығының басшысы Андрей Чеботарев: "Бұл заңның бекітілуі Қазақстанда билікті алмастыруға қажет шарттарды дайындай алады.

Назарбаевты Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің мәңгілік басшысы ретінде таңдау арқылы оған Кеңес мүшелеріне бұйрық беру мүмкіндігі беріледі. Кеңеске Президент, Парламенттің екі палатасының төрағалары, Премьер-министр, Сыртқы істер министрі мен Президент кеңсесінің басшысы кіреді",-деді.