Назарбаев: Ертең Каспий теңізіне қатысты тарихи шешім қабылданады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i38626-Назарбаев_Ертең_Каспий_теңізіне_қатысты_тарихи_шешім_қабылданады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Каспий теңізі маңындағы елдердің әріптестігіне қатысты барлық мәселелер алдын ала үйлестірілген. Ертең осы салада тарихи шешім қабылданатын болады",-деді.
(last modified 2025-09-22T12:04:09+00:00 )
Там 11, 2018 21:16 Asia/Almaty
  • Назарбаев: Ертең Каспий теңізіне қатысты тарихи шешім қабылданады

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: "Каспий теңізі маңындағы елдердің әріптестігіне қатысты барлық мәселелер алдын ала үйлестірілген. Ертең осы салада тарихи шешім қабылданатын болады",-деді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Назарбаев: "Соңғы 20 жылда Каспий теңізіндегі табиғи қорларды ортақ пайдалану, қоршаған ортаны қорғау және сауда әріптестіктеріне қатысты мәселелерді шешу мақсатында ұстанымдарды үйлестіру үшін күрделі келіссөздер жүргізілді",-деді.

Каспий теңізі маңындағы елдер басшыларының бесінші саммиты ертең Қазақстанның Ақтау қаласында өтеді. Саммиттің соңында осы теңіздің құқықтық мәртебесіне қатысты құжаттарға қол қойылады.